Australian Open-2026: Рыбакина – Пегула матчында фаворит анықталды
Мамандар Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның (WTA рейтингінде 5-орын) америкалық Джессика Пегулаға (6-орын) қарсы Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалындағы мүмкіндіктерін бағалады. Бұл туралы malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Жартылай финалдық кездесу 29 қаңтар, бейсенбі күні өтеді. Букмекерлік кеңселердің бірі 1XBET бұл матчта Елена Рыбакинаны фаворит деп санап отыр.
Осыған дейін Australian Open турнирінде Рыбакина бірқатар мықты қарсыластарын жеңді. Атап айтқанда, ол словениялық Кайя Юванды (WTA №100) — 6:4, 6:3, франциялық Варвара Грачеваны (№77) - 7:5, 6:2, чехиялық Тереза Валентовуды (№54) - 6:2, 6:3, бельгиялық Элизе Мертенсті (№21) - 6:1, 6:3 есебімен ұтты.
Сондай-ақ, ширек финалда қазақстандық теннисші әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті - 7:5, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған