Мельбурнде (Аустралия) Australian Open-2026 турнирінің жекелей сын бойынша жеребесі тартылып, Қазақстан теннисшілерінің алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
ATP рейтингінде 10-орында тұрған Александр Бублик бірінші айналымда әлемнің 48-ракеткасы, АҚШ өкілі Дженсон Бруксбимен кортқа шығады. Ал ATP рейтингінде 104-орында орналасқан Александр Шевченконың қарсыласы кейінірек белгілі болады.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы кезеңде WTA рейтингінде 97-орында тұрған словениялық Кая Юванмен кездеседі. Юлия Путинцева (WTA №105) болса, турнирдің бірінші айналымында бразилиялық Беатрис Аддад Майямен (WTA №59) ойнайды.
Сонымен қатар, арнайы шақырту арқылы негізгі жарысқа қатысып жатқан Зарина Дияс алғашқы матчында әлемнің 25-ракеткасы, Испания теннисшісі Паула Бадосамен шеберлік байқасады.
Australian Open-2026 турнирі 1 ақпанға дейін жалғасады.
Фото: ҚТФ