Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №5) Australian Open-2026 турнирінің негізгі кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алғашқы айналымда ол словениялық Кайя Юванды (WTA №100) екі сетте жеңді. Бірінші партияда Рыбакина ойын тізгінін өз қолында ұстап, 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте де қазақстандық теннисші шабуылдаушы стилін сақтап, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ – 6:3. Осылайша кездесу 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.
Енді турнирдің екінші айналымында Елена Рыбакина франциялық Варвара Грачевамен (WTA №77) кездеседі. Грачева алғашқы матчында швейцариялық Виктория Голубичті (WTA №83) жарыстан шығарған болатын.
Фото: Елена Рыбакина. ©Турар Казангапов