Мәзір
Теннис

Australian Open-2026: Александр Шевченко сенсация жасап, турнирдің екінші айналымына шықты

Сабина Асқарқызы 56 қаралым
Australian Open-2026: Александр Шевченко сенсация жасап, турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (әлемдік рейтингте №104) Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бірінші айналымда ол швед теннисшісі Элиас Имер (№175) қарсы шықты.

Матчтың бірінші сетінде швед спортшысы 6:3 есебімен алға шықса да, Шевченко кейін камбэк жасап, үш сет қатарынан жеңіске жетті – 7:5, 6:4, 6:1.

Үш сағат 23 минутқа созылған кездесуде Александр 9 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың 5-ын өз пайдасына шешті. Имер тек 1 эйс және 2 брейкке (11 брейк-пойнт) жетті.

Келесі айналымда Шевченко әлемнің 29-ракеткасы Лернер Тьен немесе 51-ракеткасы Маркос Хирон жеңгенімен кездеседі.

 

 

Фото: tennisweekend

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар