ATP рейтингі: Александр Бублик пен Александр Шевченконың нәтижесін қандай?
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик рейтингтегі орнын сақтап қалды. Ол 2610 ұпаймен әлемдік рейтингте 11-орында тұр.
ATP рейтингінің көш басында әлі де италиялық Янник Синнер келеді. Оның қоржынында 13 450 ұпай бар. Екінші орында Германия өкілі Александр Зверев (8480 ұпай) орналасса, үздік үштікті испаниялық Карлос Алькарас (8160 ұпай) түйіндеп тұр.
Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко рейтингте айтарлықтай алға жылжыды. Ол бірден 16 сатыға көтеріліп, 736 ұпаймен әлемнің 84-ракеткасы атанды.
Айта кетейік, өткен аптада қазақстандық теннисшілер Швейцарияның Гштаад қаласында өткен ATP 250 санатындағы грунт турниріне қатысты. Александр Бублик жарысты екінші айналымда аяқтаса, Александр Шевченко жартылай финалға дейін жетті.
Осы нәтижелерден кейін Бублик әлемдік рейтингтегі тұрақты орнын сақтап қалса, Шевченко үздік жүздікке жақындай түсті.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған