ATP қорытынды турнирі 2030 жылға дейін Италияда өтеді
ATP ұйымы қорытынды турнирдің 2030 жылға дейін Италияда ұйымдастырылатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осылайша, әлемнің үздік теннисшілері бас қосатын маусым қорытындысы турнирі алдағы бірнеше жыл бойы Туринде қала береді.
Ұйымдастырушылар жанкүйерлер мен спортшыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымды жаңғыртуды жоспарлап отыр. Жобалар аясында жанкүйерлер аймағында ашық жаттығу корты салынып, көрермендер теннисшілердің дайындық процесін тікелей тамашалай алады. Сонымен қатар турнир өтетін аренаның сыйымдылығы 13,5 мыңнан астам орынға дейін ұлғайтылады.
ATP Finals турнирі Туринде 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биылғы маусымның қорытынды додасы 15–22 қараша аралығында өтеді.
Турнирге маусым қорытындысы бойынша ATP рейтингіндегі үздік сегіз теннисші және жұптық сындағы үздік сегіз дуэт қатысады. Олар жыл соңындағы ең беделді жарыстардың бірінде чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, ATP қорытынды турнирінің қазіргі чемпионы – әлемнің бірінші ракеткасы, Италияның өкілі Янник Синнер.
Фото: atptour.com
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған