Мәзір
Теннис

ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатын теннисшілердің тізімі жарияланды

Сабина Асқарқызы 28 қаралым
ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатын теннисшілердің тізімі жарияланды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) Алматы қаласында өтетін ATP 250 турнирінің қатысушылар тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алматыға келетін спортшылар тізімін әлемнің 10-ракеткасы, өткен жылғы ATP 250 Almaty Open чемпионы Карен Хачанов бастап тұр. Сондай-ақ Даниил Медведев (18-ракетка), Александр Бублик (19-ракетка), Флавио Коболли (25-ракетка), Лучано Дардери (30-ракетка) секілді теннисшілер де жарысқа қатысады.

Бұлардан бөлек Алекс Михельсен (32 ATP), Брендон Накашима (33 ATP), Габриэль Диалло (35 ATP), Корентин Муте (39 ATP), Фабиан Марожан (55 ATP), Хамад Медьедович (66 ATP), Бу Янчаокете (74 ATP), Адам Уолтон (76 ATP), Ласло Джере (77 ATP), Джордан Томпсон (78 ATP), Мариано Навоне (82 ATP), Артюр Казо (84 ATP) және Лука Нарди (85 ATP) өнер көрсетеді.

Қазақстан намысын Бубликпен қатар Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Әмір Омарханов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Михаил Кукушкин қорғайды.

Жарыс 11–19 қазан аралығында «Алматы Аренада» өтеді. Турнирдің негізгі кезеңінде 28 спортшы ойнайды: оның 18-і рейтинг бойынша, үшеуі ұйымдастырушылардан уайлдкард алады, тағы үшеуі Special Exempts арқылы қатысады, ал төртеуі іріктеу сайысынан өтеді.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар