Мәзір
Теннис

Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Сабина Асқарқызы 74 қаралым
Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық жас теннисші Асылжан Арыстанбекова Анталияда (Түркия) өтіп жатқан ITF W15 санатындағы турнирде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазіргі таңда WTA рейтингінде 1293-орында тұрған 19 жастағы спортшы ширек финалда марокколық Диае Эль-Жардимен (1103-орын) кортта кездесті.

Қарсыласының рейтингі жоғары болғанына қарамастан, Асылжан бұл матчта толық басымдық көрсетті. Ол алғашқы сетте бірде-бір гейм бермей, 6:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Екінші партияда да қарқынын бәсеңдетпей, ойынды 6:2 нәтижесімен аяқтады.

Финал жолдамасы үшін Арыстанбекова румыниялық, 16 жастағы Сара Виктория Баланмен (1262-орын) күш сынасады.

Сондай-ақ Асылжан отандасы Іңкәр Дүйсебаймен бірге жұптық сында да жартылай финалға шықты. Қазақстандық дуэт марокколық Диае Эль-Жарди мен румыниялық Мария Сара Попаға қарсы матчта жеңіске жетсе, турнир финалына жолдама алады.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар