457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асылжан Арыстанбекова қатарынан сегізінші матчында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші, әлемнің 905-ракеткасы Асылжан Арыстанбекова Астанада өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық теннисші жарысты жапониялық Юка Хосокиді 6:1, 6:2 есебімен жеңуден бастады.

Асылжан екінші айналымда ресейлік Мария Ткачеваны айқын басымдықпен ұтты – 6:3, 6:0.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингте 1 021-орында тұрған ресейлік Анна Пушкаревамен кездесті. Ол биыл жасөспірімдер арасындағы Уимблдон чемпионы атанған.

Бірінші партия 6:4 есебімен Асылжанның пайдасына аяқталды. Екінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте де басым түсіп, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Асылжан Арыстанбекова финалға шығу үшін түркиялық Ирем Куртпен кездеседі.

Өткен аптада А.Арыстанбекова Астанада дәл осындай жарыста топ жарған еді. Осы нәтижені қоса есептегенде, қазақстандық теннисшінің жеңіс сериясы 8 матчқа жетті.

 

Фото: ҚТФ

Ең көп оқылған