Астанада теннистен ел чемпионаты өтеді
20-25 шілде күндері Астанадағы Beeline Arena теннис орталығында ересектер арасында теннистен Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алты күн бойы еліміздің үздік теннисшілері жекелей сында Қазақстан чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Дәстүрлі турнир тәжірибелі ойыншылар мен халықаралық аренада сәтті өнер көрсетіп жүрген дарынды жастарды бір алаңға жинайды.
Елдің қазіргі чемпионы, жаңа буынның ең дарынды өкілдерінің бірі Әмір Омарханов чемпиондық атағын қорғайды. Сондай-ақ ерлер арасындағы жарысқа Григорий Ломакин, Арсений Требухин, Даниель Юрекли және еліміздің басқа да үздік теннисшілері қатысады.
Әйелдер арасындағы чемпиондық атақ үшін Аружан Сағандықова, Асылжан Арыстанбекова, Іңкәр Дүйсебай, Сандуғаш Кенжебаева, Альбина Кәкенова және Қазақстан намысын халықаралық турнирлерде тұрақты түрде қорғап жүрген өзге де спортшылар бақ сынайды.
Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты жанкүйерлерге еліміздің үздік теннисшілерінің ойынын тамашалап, ұлттық құраманың болашақ көшбасшыларын жақыннан көруге мүмкіндік береді.
Көрермендер үшін кіру тегін.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған