Мәзір
Теннис

Астана жеті жылдан кейін күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді 

Сабина Асқарқызы 40 қаралым
Астана жеті жылдан кейін күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді 

Күрес түрлерінен жаһандық дода 2026 жылғы 24 қазан мен 1 қараша аралығында елордадағы Barys Arena мұз сарайында ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Байрақты бәсекеде еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен 30 салмақта жүлде сарапқа салынады. Әлем чемпионатына жүзден астам елден 900-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Осы орайда жарыстың ресми маскоты ретінде қыран бейнесіндегі Muzbalaq таныстырылды.
Әлем чемпионатының басты ерекшеліктерінің бірі – 18-23 қазан аралығында халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиынының өткізілуі. Бұл жиынға әлемнің 350-ге жуық үздік балуандары қатысып, жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтайды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар