457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Astana Masters 12&Under GA турнирінің жеңімпаздары анықталды

Жарыс Қазақстанның әр қаласынан келген жас спортшылардың басын қосты.

Елордадағы «Дәулет» теннис академиясында 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өткен Astana Masters 12&Under GA турнирі аяқталды, деп жазады malimsports.kz. 

Жарыс 2026 жылдың 10-14 тамызы аралығында өтіп, Қазақстанның әр қаласынан келген жас спортшылардың басын қосты.

Турнир қорытындысы бойынша жекелей және жұптық сындарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Ұлдар арасындағы жекелей сында атыраулық Габриель Брегвадзе жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Астана өкілі Альтаир Джуасов иеленсе, тағы бір елордалық теннисші Илья Щукин қола жүлдеге қол жеткізді.

Қыздар арасында бас жүлдені алматылық Инкар Шарипбай жеңіп алды. Екінші орынды Астана өкілі Мария Акатова, үшінші орынды тағы бір елордалық спортшы Айзара Абаева иеленді.

Ұлдар арасындағы жұптық сында астаналық Альтаир Джуасов пен Сұлтан Бахыткерейұлы жеңімпаз атанды. Екінші орынды астаналық Илья Щукин мен атыраулық Габриель Брегвадзе, ал үшінші орынды Алматы өкілдері Макар Сорокин мен Алан Ким иеленді.

Қыздар арасындағы жұптық сында Астана өкілі Рамина Дягилева мен алматылық Инкар Шарипбай чемпион атанды. Күміс жүлдені елордалық Айзара Абаева мен Мария Акатова жеңіп алса, Алматы өкілдері Милана Толочная мен Аяулым Султанбаева қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Инкар Шарипбай турнирді екі титулмен аяқтап, жекелей және жұптық сында жеңімпаз атанды. Альтаир Джуасов та екі жүлдеге қол жеткізді - жұптық сында алтын, жекелей сында күміс медаль иеленді.

Жарыс аяқталғаннан кейін Astana Masters 12&Under GA турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік сыйлықтармен марапатталды.

Фото: ҚТФ

Ең көп оқылған