457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирдің ширек финалында сынға түседі

А.Сағындықова – М.Головина жартылай финалға шығу үшін таиландтықтар Лунда Кунхом – Танучапорн Йонгмодпен шеберлік байқасады.

Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова жұптық сында Ахмедабад (Үндістан) ITF W15 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақпараттың жазуынша, жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге бастапқы кездесуін үндістандықтар Кашиш Бхатия – Пуджа Ингалемен өткізген. 

Қазақстандық-ресейлік жұп корт иелерін тас-талқан етіп ұтты – 6:1, 6:1. 

А.Сағындықова – М.Головина жартылай финалға шығу үшін таиландтықтар Лунда Кунхом – Танучапорн Йонгмодпен таласады.

Қазақстандық теннисші жекелей сында осы дүйсенбіде жаңартылған әлемдік рейтингіде 846-дан бірден 794-орынға көтерілген еді. Дегенмен Аружан Ахмедабадта жекелей сында жолы сәтті болмай, алғашқы айналымда рейтингіде 834-сатыдағы жапониялық Хонока Кобаясиге есе жіберді – 6:7 (4:7), 4:6. 

Фото: ҚР теннис федерациясы