Мәзір
Теннис

Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде топ жарды

Сабина Асқарқызы 64 қаралым
Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен ITF W15 санатындағы турнирде жұптық сында чемпион атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Финалда Аружан ресейлік Мария Головинамен бірге жарыстың бірінші нөмірлі жұбы – жапониялық Мана Кавамура мен Хонока Кобаясиге қарсы кортқа шықты.

Алғашқы партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте де Сағындықова мен Головина қарсыластарына мүмкіндік бермей, 6:2 нәтижесімен матчты жеңіспен аяқтады.

Осылайша, Аружан Сағындықова 2026 жылғы маусымдағы алғашқы титулын жеңіп алды.

 

 

Фото: sports.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар