Мәзір
Теннис

Аружан Сағындықова Үндістан турнирінің финалына шықты

Сабина Асқарқызы 139 қаралым
Аружан Сағындықова Үндістан турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова жұптық сында Ахмедабад (Үндістан) ITF W15 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Қазақпараттың жазуынша, жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге жартылай финалда үндістандықтар Иенси Дипакай Канабар - Ангел Пателмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Аружан мен Мария 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте қарқынын үдете түсті - 6:1.

Қазақстандық-ресейлік дуэттің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Фото: Sports.kz

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар