Аружан Сағындықова Қытайдағы ITF турнирінде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингтің 958-ракеткасы Аружан Сағындықова Қытайдың Луань қаласында өткен ITF W15 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды malimsports.kz.
20 жастағы спортшы финалда ресейлік Мария Калякинаны (WTA рейтингінде – 797-орын, турнирдің 5-ракеткасы) сенімді жеңді.
Шешуші матчта Сағындықова алғашқы партияда 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте де қарсыласына мүмкіндік бермей, 6:3 есебімен ойынды түйіндеді.
Осылайша, қазақстандық теннисші екі сет қорытындысы бойынша қарсыласын қапы қалдырып, турнирдің чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл жеңістен кейін Аружан Сағындықованың WTA рейтингіндегі көрсеткіші дүйсенбі күні жаңартылған тізімде жоғарылайтыны анық.
Фото: sports.kz


Ең көп оқылған
