Арина Соболенко Майамидегі WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды
Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Беларусь теннисшісі Арина Соболенко АҚШ-тың Майами қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Финалда Соболенко WTA рейтингінде төртінші сатыда тұрған америкалық Кори Гауффпен кездесті. 2 сағат 10 минутқа созылған матчта беларусь спортшысы үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 6:2, 4:6, 6:3.
Осылайша, Арина Соболенко мансабында екінші рет Майами турнирінде топ жарып, WTA 1000 деңгейіндегі кезекті беделді атағын иеленді. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрады.
Сондай-ақ Майамидегі бұл жеңіс Соболенкоға сирек жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік берді. Ол аталған турнирді бірнеше рет ұтқан санаулы теннисшілердің қатарына қосылды.
Еске салсақ, Арина Соболенко жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакинаны жеңген еді. Ол матч екі сетте аяқталып, 6:4, 6:3 есебімен Соболенконың пайдасына шешілген болатын.
Фото: ©Depositphotos/filedimage
Ең көп оқылған