Арина Соболенко АҚШ-тың ашық біріншілігінде топ жарды

Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатында кезекті мәрте топ жарды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Финалда ол америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 7:6 есебімен ұтып, атағын қорғап қалды.
Бұл Соболенконың мансабындағы төртінші «Үлкен дулыға» жеңісі. Бұған дейін ол Австралия ашық біріншілігінде (2023, 2024) және өткен жылғы АҚШ ашық турнирінде жеңімпаз атанған болатын.
Беларусь спортшысы осылайша 2014 жылдан бері алғаш рет U.S. Open додасын қатарынан екінші мәрте жеңген әйел теннисші атанды. Соңғы рет мұндай жетістікке америкалық Серена Уильямс жеткен еді.
Айта кетейік, финалдағы жеңіс Соболенкоға Grand Slam турнирлеріндегі 100-ші жеңісін сыйлап, шамамен 5 миллион АҚШ доллары көлемінде жүлде қорына ие болды.
Фото: Сhampionat.com


Ең көп оқылған
