457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әпкелі-сіңлілі қазақстандық жас теннисшілер Франциядағы турнирдің финалына шықты

Шешуші матчта олар Анна Баен (Франция) және Камилле Силукайте (Литва) дуэтімен кездесті.

Халықаралық ITF Juniors J60 сериясындағы жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті. Қазақстандық теннисшілер, әпкелі-сіңлілі Томирис пен Мариям Нұржан жұптық сында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті, деп хабарлайды malimsports.kz
Шешуші матчта олар Анна Баен (Франция) және Камилле Силукайте (Литва) дуэтімен кездесті. Үш сағатқа созылған тартысты ойынның тағдыры чемпиондық тай-брейкте шешілді. Томирис пен Мариям қарсыластарына 5:7, 6:4, 8:10 есебімен есе жіберді.
Өкінішке қарай, үшінші партияда Мариям Нұржан жарақат алып қалды. Бұл жағдай қыздарымыздың ойынына кедергі келтіріп, олардың алғашқы ортақ титулды жеңіп алуына мүмкіндік бермеді.
Жеңіліске қарамастан, Томирис пен Мариямның бұл жетістігі олардың халықаралық деңгейдегі зор әлеуетін тағы бір мәрте растады.

Фото: ҚТФ