Мәзір
Теннис

Анна Данилина Жапониядағы турнирінің ширек финалына өтті

Сабина Асқарқызы 207 қаралым
Анна Данилина Жапониядағы турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Отандасымыз жұптық сында өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) мексикалық Джулиана Олмос пен индонезиялық Алдила Сутджиаджи жұбымен кездесті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч Данилина мен Круничтің жеңісімен аяқталды - 6:1, 6:3.

Айта кетейік, Анна Данилина/Александра Крунич ширек финалда Николь Меликар (АҚШ) / Сюй Ифань (Қытай) жұбымен кездеседі.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар