Анна Данилина Уимблдонның аралас жұптар сынында да екінші айналымға өтті
Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 2026 жылғы Уимблдон турнирінің аралас жұптар бәсекесін жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық теннисші аралас жұптар сынында америкалық Джеймс Трэйсимен бірге өнер көрсетуде.
Бірінші айналымда Данилина мен Трэйси Ұлыбритания өкілдері Люк Джонсон мен Эмма Эпплтонға қарсы ойнап, екі сетке созылған кездесуде 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 12 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Анна мен Джеймс төрт эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ төрт брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Анна Данилина Уимблдон турнирінің аралас жұптар сайысында екінші айналымға шықты. Бұған дейін қазақстандық теннисші әйелдер арасындағы жұптық сында да алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтап, келесі кезеңге жолдама алған болатын.
Фото:
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған