Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына (1/8 финал) жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Екінші айналымда қазақстандық-сербиялық жұп Украина өкілдері Ангелина Калинина мен Даяна Ястремскамен кездесті.
Алғашқы сетте 2:6 есебімен ұтылған Данилина мен Крунич кейін ойын тізгінін өз қолына алып, қалған екі партияда қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады – 6:4, 6:0.
1 сағат 47 минутқа созылған кездесуде жеңімпаздар бір эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ 13 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды.
Осылайша, Анна Данилина мен Александра Крунич Уимблдонның 1/8 финалына шықты. Енді олар ширек финал жолдамасы үшін эстониялық Ингрид Нейл мен мексикалық Джулиана Олмос немесе норвегиялық Ульрикке Эйкери мен америкалық Куинн Глисон жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған