Анна Данилина Токио турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі, әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирдің жартылай финалына шықты.
Турнирдің 3-нөмірлі дуэті болып тіркелген Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич ширек финалда америкалық Николь Меличар және қытайлық Сюй Ифань жұбын екі сетте де 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Бір сағат 16 минутқа созылған кездесуде қазақстандық-сербиялық жұп 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың 5-ін тиімді пайдаланды. Ал қарсыластары 1 эйс пен 3 брейк тіркеген.
Жартылай финалда Данилина мен Крунич жапониялық Сюко Аояма – испаниялық Кристина Букша дуэтімен кездеседі.
Осылайша, Токио турнирінің жартылай финалында қос қазақстандық теннисші өнер көрсетеді:
Елена Рыбакина – жекелей сында,
Анна Данилина – жұптық сында.
Сонымен қатар, Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик бүгін Аустрияның Вена қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінде әлемнің 1-ракеткасы Янник Синнермен жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды.
Фото: WUHAN OPEN OFFICIAL 2025/VCG via Getty Images
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған