457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Анна Данилина «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында Францияның ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ширек финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп, австралиялық Эллен Перес пен нидерландылық Деми Схюрс жұбын жеңді. Екі сетке созылған тартысты кездесу 6:4, 7:6 есебімен Данилина мен оның серіктесінің пайдасына аяқталды.

Енді финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші мен Александра Крунич жапониялық Сюко Аояма мен тайваньдық Лян Энь Шоға қарсы кортқа шығады.

Айта кетейік, Анна Данилина аралас жұптар арасындағы жарыста өнер көрсетуін аяқтады. Ол америкалық Джеймс Трэйсимен жұптасып, ширек финалда қарсыластарына жол беріп, турнирмен қоштасты.

 

Фото: ҚТФ