Мәзір
Теннис

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің қос бірдей ширек финалына шықты

Сабина Асқарқызы 67 қаралым
Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің қос бірдей ширек финалына шықты

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жұптық және аралас (микст) сындарында 1/4 финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Әйелдер бәсекесінің үшінші айналымында отандасымыз (WTA жұптық рейтингінде 6-орын) сербиялық Александра Круничпен бірге украиналық Даяна Ястремская / Ангелина Калинина тандемін қапы қалдырды. Тартысты өткен кездесу 6:4, 6:4 есебімен біздің жұптың пайдасына аяқталды.
Жарыстың 2-ші нөмірлі жұбы саналған Данилина мен Крунич Үлкен дулыға турнирінің жартылай финалына өту үшін Деми Схюрс (Нидерланды) / Эллен Перес (Австралия) – Людмила Самсонова (Ресей) / Беатрис Хаддад Майя (Бразилия) матчының жеңімпаздарымен шеберлік байқасады.
Сонымен қатар Анна Данилина аралас сында да сәтті өнер көрсетіп жатыр. Микст бағдарламасының ширек финалына шығу үшін өткен матчта қазақстандық-америкалық Анна Данилина мен Джеймс Трэйси дуэті Ульрикке Эйкери (Норвегия) / Лукас Мидлер (Австрия) жұбынан басым түсті. Шешуші супер-тай-брейкке ұласқан бәсеке 6:1, 4:6, 10:8 есебімен аяқталды.
1/4 финалда Данилина мен Трэйси Сара Эррани / Андреа Вавассори (екеуі де – Италия) – Фанни Столлар (Венгрия) / Кристиан Харрисон (АҚШ) текетіресінің үздігімен кездеседі.

Фото: ҚТФ 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар