Анна Данилина Дубайдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Анна Данилина Dubai Tennis Championships турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Төртінші нөмірмен тіркелген Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалда Людмила Киченок – Дезире Кравчик жұбын жеңді.
Алғашқы сетте қазақстандық-сербиялық дуэт айқын басымдық танытып, 6:1 есебімен алға шықты. Екінші партия 6:4 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді. Алайда супер тай-брейкте Данилина – Крунич төртінші матчболды сәтті пайдаланып, 10:6 есебімен жеңіске жетті.
1 сағат 28 минутқа созылған кездесуде олар 13 брейк-пойнттың алтауын жүзеге асырды. Осылайша, өткен аптада Дохада чемпион атанған Данилина – Крунич жұбы жеңіс сериясын алты матчқа дейін ұзартты.
Фото: ҚТФ
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған