Мәзір
Теннис

Анна Данилина Дубайдағы турнирдің финалына шыға алмады

Сабина Асқарқызы 108 қаралым
Анна Данилина Дубайдағы турнирдің финалына шыға алмады

Әлемнің 7-ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Dubai Tennis Championships турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қарсыластары – канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефани.

Бірінші сетте Данилина – Крунич 6:4 есебімен басым болды. Екінші партияда қарсыластар 6:2 есебімен таразы басын теңестірді. Супер тай-брейкте Дабровски – Стефани 10:6 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық-сербиялық жұп бұған дейін Аустралия чемпионаты финалына дейін жетіп, Дохадағы WTA 1000 турнирінде чемпион атанған еді.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар