Мәзір
Теннис

Анна Данилина Дохада ширек финалға жолдама алды

Сабина Асқарқызы 55 қаралым
Анна Данилина Дохада ширек финалға жолдама алды

Қазақстанның жұптық сындағы көшбасшысы, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Дохада (Қатар) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Сербиялық Александра Круничпен жұп құрған Данилина жарыста төртінші нөмірмен тіркелген. Екінші айналымда олар канадалық Лейла Фернандес пен франциялық Кристина Младеновичке қарсы ойнады.

Алғашқы сетте қазақстандық-сербиялық дуэт 6:2 есебімен айқын басымдық танытты. Екінші партияда қарсыластары 6:4 есебімен таразы басын теңестірді. Алайда супер тай-брейкте Данилина мен Крунич сенімді ойын көрсетіп, 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 21 минутқа созылған матчта Данилина – Крунич 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал Фернандес – Младенович 3 брейкпен шектелді.

Енді Данилина мен Крунич жартылай финал жолдамасы үшін аустралиялық Сторм Хантер мен Майя Джойнтқа қарсы ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл жұп Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен болатын.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар