Мәзір
Теннис

Анна Данилина Доха турнирінің жартылай финалына шықты

Сабина Асқарқызы 54 қаралым
Анна Данилина Доха турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Дохада (Қатар) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Сербиялық Александра Круничпен бірге жарыстың төртінші ракеткасы атанған Данилина жұбы ширек финалда аустралиялық Сторм Хантер мен Майя Джойнтқа қарсы ойнады.

Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық дуэт 6:2 есебімен басым түсті. Екінші сет 6:4 есебімен қарсыластар пайдасына шешілді. Ал супер тай-брейкте Данилина мен Крунич 10:4 есебімен жеңісті жұлып алды.

Бір сағат 27 минутқа созылған кездесуде Данилина – Крунич 1 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Ал Хантер – Джойнт 1 эйс және 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Енді Анна Данилина мен Александра Крунич финалға шығу үшін жарыстың бесінші ракеткалары – канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефаниге қарсы ойнайды.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар