457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Анна Данилина Цинциннати турнирін жеңіспен бастады

Бір сағат 6 минутқа созылған бәсекеде А.Данилина - А.Крунич 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Анна Данилина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп жазады malimsports.kz. 

Қазақпараттың жазуынша, сербиялық Александра Круничпен бірге жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін америкалық Энн Ли - даниялық Клара Таусонмен өткізді.

Қазақстандық-сербиялық жұп аса қиналмай, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 6 минутқа созылған бәсекеде А.Данилина - А.Крунич 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ. Америкалық-даниялық дуэт 3 эйспен шектелді.

Анна Данилина - Александра Круничтің 1/8 финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстандық-сербиялық жұп осының алдында Торонто (Канада) WTA 1000 додасының алғашқы айналымында-ақ жеңіліп қалған болатын.

Фото: ҚТФ

Ең көп оқылған