Анна Данилина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның үздік теннисшісі, жұптық сында әлемдік рейтингте 13-орында тұрған Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл жұп ағымдағы маусымда Кливленд турнирінде топ жарып, «Ролан Гаррос» финалына дейін жеткен болатын.
Бірінші айналымда Данилина мен Крунич польшалық Магда Линетт және даниялық Клара Таусонға қарсы ойнап, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық- сербиялық жұп екі эйс жасап, бірде-бір қос қателік жібермеді. Сондай-ақ 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып, өз подачаларын сақтап қалды.
Екінші айналымда Данилина мен Крунич америкалық Николь Меликар-Мартинес пен ресейлік Людмила Самсоноваға қарсы ойнайды. Айта кетейік, бұл жұп алғашқы кезеңде бірінші нөмірлі қарсыластары – канадалық Габриэла Дабровски мен жаңа зеландиялық Эрин Рутлиффті жарыстан шығарған еді.

Ең көп оқылған
