457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Анна Данилина Аустралия турнирінің ширек финалына өтті 

Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-сербиялық жұп сәтті ойнады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге алғашқы айналымда америкалықтар София Кенин - Дезире Кравчикпен бетпе-бет келді. 

Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-сербиялық жұп сәтті ойнады - 7:6 (7:5).

Екінші сетте Данилина — Крунич тай-брейкке дейін жеткізген жоқ — 6:4.

Сағат жарымға созылған бәсекеде А.Данилина - А.Крунич 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Кенин - Кравчик 3 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Анна Данилина - Александра Крунич ірі доданың жартылай финалына шығу үшін ресейліктер Екатерина Александрова - Мирра Андреевамен таласады. 

Фото: ҰОК