Мәзір
Теннис

Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің финалына шықты

Сабина Асқарқызы 107 қаралым
Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық теннисші италиялық Маттео Сибашимен бірге фаворит саналмаса да, үш кездесуін жеңіспен аяқтады. 

Жартылай финалда қазақстандық-италиялық жұп сенсация жасап, доданың 3-ракеткалары, тунистік Азиз Оуака – алжирлік Туфик Сахталиды қапы қалдырды – 6:3, 6:4.

Омарханов пен Сибаши финалда франциялықтар Алехандро Пуэ Аубриот – Сезар Бушелагеммен чемпиондық атақ үшін таласады.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар