18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жұптық сында ITF M15 Monastir турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол италиялық Маттео Сибашимен бірге финалда франциялық Александр Обриот – Сезар Бушелагем жұбын екі сетте жеңді.
Алғашқы партия 6:4 есебімен аяқталса, екінші сетте де қазақстандық-италиялық дуэт 6:3 нәтижесін тіркеді. Осылайша, Омарханов пен Сибаши турнир фавориттерін тізе бүктіріп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Фото: ҚТФ