457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирінің финалында бақ сынайды

Титул үшін өтетін ойында 18 жастағы Әмір Жаңа Зеландия өкілі Антон Шепппен кездеседі.

Қазақстандық Әмір Омарханов (№757 ATP) Монастир корттарындағы үстемдігін жалғастыруда. М15 сериясындағы турнирдің жартылай финалында отандасымыз неміс теннисішісі Лука Виденманнға еш мүмкіндік қалдырмай, 6:4, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп жазады malimsports.kz
Титул үшін таласта 18 жастағы Әмір Жаңа Зеландия өкілі Антон Шепппен (№910 ATP) кездеседі. Қарсыласы рейтингте төменірек тұрғанымен, Шепп осы аптада бірнеше мықты ойыншыны жарыс жолынан шығарып, жақсы дайындығын көрсетті.
Әмір үшін бұл финал – ересектер деңгейіндегі кезекті олжаны иеленіп, өзінің мықтылығын дәлелдейтін тамаша мүмкіндік.

Фото: ҚТФ