Мәзір
Теннис

Әмір Омарханов Монастир ITF M15 турнирінің ширек финалына шықты

Сабина Асқарқызы 144 қаралым
Әмір Омарханов Монастир ITF M15 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Қазақпараттың жазуынша, АТР рейтингісінде 1115-орындағы Ә.Омарханов екінші айналымда әлемнің 634-ракеткасы, ресейлік Игорь Кудряшовқа тап келді.

Қарсыласының рейтингіде жоғары тұрғанына қарамастан, Әмір жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген теннисшіні 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Әмір Омарханов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 847-ракеткасы, испаниялық Хорхе Планспен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 297-сатыдағы Зарина Дияс Такасаки (Жапония) ITF W100 турнирінің жартылай финалынан тыс қалды. Ол ширек финалда әлемнің 181-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумеге жол берді – 2:6, 2:6.

Фото: ҚР теннис федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар