457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әмір Омарханов әлемдік рейтингте бірден 241 сатыға жоғарылады

Монастирдегі (Тунис) жарыстың жартылай финалына дейін барған 18 жастағы Амир Омарханов 241 сатыға жоғарылап, 1 100-ден 859-ға көтерілді.

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11-орында қалса, Александр Шевченко 96-дан 95-ке ауысты.
Дмитрий Попко 224-тен 223-ке көтерілсе, Тимофей Скатов 239-ға тұрақтады. Бейбіт Жұқаев 279-дан 280-ге, Михаил Кукушкин 294-тен 299-ға төмендеді. 
Жаңартылған рейтингіде ерекше серпіліс жасаған қазақстандық теннисшінің бірі Денис Евсеев болды. Өткен аптада Исламабад (Пәкістан) челленджер турнирінің жартылай финалына дейін жеткен қазақстандық теннисші 404-тен бірден 371-ге шықты.
Монастирдегі (Тунис) жарыстың жартылай финалына дейін барған 18 жастағы Амир Омарханов 241 сатыға жоғарылап, 1 100-ден 859-ға көтерілді. Григорий Ломакин де өз көрсеткішін жақсартып, 975-тен 961-ге ауысты.
Сондай-ақ 1 742-орынға жайғасқан 17 жастағы Заңғар Нұрланұлын да атап өтуге болады.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде бұрынғыша үздік бестікті түйіндеп тұр. 
Юлия Путинцева 72-орында қалса, Аустралия ашық чемпионатына жолдама алған Зарина Дияс 283-тен 284-ке, Жібек Құламбаева 331-ден 334-ке түсті.

Фото: ҚР теннис федерациясы