457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда үстел теннисінен халықаралық рейтингтік турнир басталды

24-27 шілде аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық рейтингтік турнир өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Төрт күнге созылатын додада әлемнің түрлі елдерінен келген үздік жас спортшылар жүлделер мен WTT Youth рейтингтік ұпайлары үшін бақ сынайды.

Турнирге қатысатын басты фавориттердің қатарында:

Ли Сын Су (Оңтүстік Корея) – WTT Youth рейтингінің №7 ойыншысы, өз елінің ең мықты жас теннисшілерінің бірі.

Алан Құрманғалиев (Қазақстан) – WTT Youth рейтингінде 13-орында. Жастар арасындағы әлем чемпионы (аралас жұптық сында), Азия чемпионатының қола жүлдегері және Ислам ойындарының чемпионы.

Приянудж Бхаттачарья (Үндістан) – WTT Youth рейтингінде 39-орында, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері.

Мику Мацусима (Жапония) – әлемдік рейтингтің №3 ойыншысы және турнирдегі басты фавориттердің бірі.

Кокона Мурамацу (Жапония) – WTT Youth рейтингінде 28-орында, халықаралық жарыстардың тұрақты қатысушысы.

Ким Мин Со (Оңтүстік Корея) – WTT Youth рейтингінің 33-ракеткасы, халықаралық деңгейде тұрақты нәтиже көрсетіп жүрген жас спортшы.

Турнирдің алғашқы күні – 24 шілдеде U13 және U17 жас санаттарындағы топтық кезең матчтары, сондай-ақ плей-оффтың алғашқы кездесулері өтеді.

 

Фото: ҰОК