457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда Roland Garros Junior Series by Renault турнирінің өңірлік іріктеу кезеңі өтеді

17-22 тамыз аралығында Алматыдағы Gorky Tennis Park кешенінің топырақ корттарында Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia халықаралық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс Қазақстан теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының (ATF) қолдауымен ұйымдастырылады.

Турнир Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Спорт күніне арналады.

Байрақты бәсекеге Орталық және Батыс Азияның 16 жасқа дейінгі ең үздік 16 ұл және 16 қыз теннисшісі қатысады. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін Roland Garros Junior Series финалына жолдама алады. Сол финалда Roland Garros 2027 жасөспірімдер турнирінің негізгі кезеңіне берілетін жалғыз жолдама сарапқа салынады.

Биылғы турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сирия, Сауд Арабиясы және Түрікменстанның жас теннисшілері Париждегі аңызға айналған топырақ корттарында өнер көрсету мүмкіндігі үшін бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы сапында Родион Трайгель, Диас Төлепбергенов, Бексұлтан Бауржанов, Иван Бондаренко, Амина Нұрмахан, Линара Булешева, Алуа Марат және Влада Кузьменко өнер көрсетеді.

Roland Garros Junior Series – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) мен Франция теннис федерациясының (FFT) бастамасымен жүзеге асырылатын жасөспірімдер теннисін дамытуға арналған халықаралық жоба. Бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінен шыққан талантты жас спортшыларға «Үлкен дулыға» турнирлерінің бірі – Roland Garros жасөспірімдер чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алу мүмкіндігін ұсынады.

 

Фото: ҚТФ