Мәзір
Теннис

Almaty Open турнирінде қазақстандық теннисшілер жарысты аяқтады

Сабина Асқарқызы 69 қаралым
Almaty Open турнирінде қазақстандық теннисшілер жарысты аяқтады

Қазақстандық теннисшілер Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Almaty Open-250 турнирінің жұптық сында алғашқы айналымында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Шевченко мен Скатов екі сетте Франция өкілі Мануэль Гинар мен Аргентина ойыншысы Гвидо Андреоцци жұбына 2:6 3:6 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін Скатов жекелей сында бірінші айналымда австралиялық Ринки Хиджикатаға жеңілген болатын. Ал Шевченко Almaty Open-250 турнирінің екінші айналымында франциялық Корентен Мутеге жол берді.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар