Жекелей сында финалда әлемнің 14-ракеткасы Даниил Медведев пен әлемдік рейтингтің 41-орнындағы Корентен Муте кездесіп, чемпион атағы үшін тартысты ойын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бірінші партияда ресейлік теннисші 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Муте басым түсіп, таразы басын теңестірді — 6:4. Алайда шешуші сәтте Медведев мықтылығын көрсетіп, үшінші партияны 6:3 есебімен өз пайдасына шешті.
Осылайша, ол өз мансабында ATP турнирлерінде 40 рет финалға шығып, 21-ші титулын жеңіп алды. Соңғы рет Медведев 2023 жылдың мамырында чемпион атанған болатын.
– «Кейде өз ойыныма көңілім толмай қалады. Бірақ жеңіс бәрін ұмыттырады. Бұл жолы шешуші сәттерде жақсы ойнадым. Әсіресе, соңғы гейм ерекше әсер қалдырды. 21 қалада 21 трофей иеленіп отырмын — бұл мен үшін үлкен жетістік», — деді Медведев матчтан кейінгі сұхбатында.
Фото: ҚТФ