Almaty Open ATP 250 турниріне қатысушылардың тізімі жарияланды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) Алматы қаласында өтетін ATP 250 турниріне қатысушылардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Көшті әлемнің 10-ракеткасы, өткен жылғы Almaty Open ATP 250 турнирінің чемпионы Карен Хачанов бастап тұр. Сондай-ақ Даниил Медведев (18-ракетка), Александр Бублик (19-ракетка), Флавио Коболли (25-ракетка), Лучано Дардери (30-ракетка) сияқты мықтылар бар.
Қазақстанның оңтүстік астанасында сонымен қатар Алекс Михельсен (32 АТР), Брендон Накашима (33 АТР), Габриэль Диалло (35 АТР), Корентин Муте (39 АТР), Фабиан Марожан (55 АТР), Хамад Медьедович (66 АТР), Бу Янчаокете (74 АТР), Адам Уолтон (76 АТР), Ласло Джере (77 АТР), Джордан Томпсон (78 АТР), Мариано Навоне (82 АТР), Артюр Казо (84 АТР) және Лука Нарди (85 АТР) ойнайды.
Қазақстан намысын беделді турнирде Бубликтен басқа Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Әмір Омарханов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Михаил Кукушкин қорғайды.
Жарыс 11-19 қазанда Алматы Арена стадионында өтеді. Негізгі жарыста 28 спортшы бақ сынаса, соның 18-і рейтингі бойынша кіреді. Үш теннисші ұйымдастырушылардан уайлдкард алса, тағы үшеуі Special Exempts жолдамасымен келеді.Төрт спортшы іріктеу сайыстары арқылы негізгі додаға қосылады.
Фото: ҚР теннис федерациясы


Ең көп оқылған
