Мәзір
Теннис

Almaty Open: Александр Шевченко турнирдің екінші айналымына шықты

Сабина Асқарқызы 74 қаралым
Almaty Open: Александр Шевченко турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің алғашқы кездесуінде аса тартысты матч өткізіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп жазады malimsports.kz. 

Шевченко алғашқы айналымда сербиялық Ласло Джеремен кездесіп, екі сетте де тай-брейкте жеңіске жетті – 7:6 (7:1), 7:6 (14:12). Кездесу 2 сағат 8 минутқа созылды. Екінші сеттегі тай-брейк әсіресе шиеленісті өтіп, жанкүйерлерге нағыз спорттық драма сыйлады.

Бұл жеңіс Александрдың турнирдегі келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік берді. Енді ол екінші айналымда әлемдік рейтингте 41-орында тұрған француз Корентен Мутемен кортқа шығады.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар