457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко сүйіктісінен үйлену туралы ұсыныс алды

Кадрларда Франгулис Соболенконың алдында тізерлеп отырып, оған сақина ұсынып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды

Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусьтің танымал теннисшісі Арина Соболенко сүйіктісі – бразилиялық автожарысшы әрі кәсіпкер Георгиос Франгулистің үйлену туралы ұсынысын қабыл алды.

27 жастағы спортшы қуанышты сәттің видеосын Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялады. Кадрларда Франгулис Соболенконың алдында тізерлеп отырып, оған сақина ұсынып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Романтикалық сәт жанкүйерлердің назарын бірден аударды.

Теннисші видеоны «Сен және мен. Мәңгі. 03.03.2026» деген жазбамен бөлісіп, сүйіктісінің ұсынысына келісім бергенін меңзеді.

Арина Соболенко 37 жастағы бразилиялық, грек текті кәсіпкер Георгиос Франгулиспен 2024 жылдан бері қарым-қатынаста. Осы уақыт аралығында беларусь спортшысы кәсіби мансабында бірқатар ірі жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, ол 2024 және 2025 жылдары US Open турнирінің чемпионы атанып, 2025 жылғы «Ролан Гаррос» және 2026 жылғы Australian Open жарыстарының финалына дейін жетті.

Айта кетейік, Арина Соболенко алдағы уақытта АҚШ-та өтетін беделді Индиан-Уэллс турниріне қатысуды жоспарлап отыр.

Фото: әлеуметтік желі