Александр Шевченко Чэнду (Қытай) АТР 250 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 96-ракеткасы Александр Шевченко Чэнду (Қытай) АТР 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 36-ракеткасы, франциялық Джованни Мпетчи Перрикармен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда франциялық теннисші тай-брейкте басым түсті - 7:6 (7:2).
Екіншісінде Шевченко есе қайырды - 7:6 (7:5).
Содан кейін үшінші, шешуші сетте жеңісті жұлып алды - 6:4.
Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 10 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыласы 24 эйспен ерекшеленді.
Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 168-орындағы жапониялық Таро Дэниелмен таласады.
Фото:


Ең көп оқылған
