Мәзір
Теннис

Александр Шевченко Челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті

Сабина Асқарқызы 52 қаралым
Александр Шевченко Челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакияда өткен Братислава Челленджер турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Рейтингте 97-орында тұрған және жарыстың бірінші ракеткасы болған Шевченко шешуші матчта әлемдік рейтингтің 293-орнындағы жапониялық Таро Дэниелге қарсы ойнады.

Кездесу үш сетке созылып, 6:3, 0:6, 6:7 (2:7) есебімен аяқталды. Ойын 2 сағат 36 минутқа созылды. Матч барысында қазақстандық теннисші 8 эйс жасап, 5 қос қателік жіберді және 12 брейк-пойнттың 4-еуін тиімді пайдаланды.

Айта кетейік, финалдағы жеңіліске қарамастан, Шевченко бұл турнирден рейтингтік ұпайлар жинап, әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартуы мүмкін.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар