Александр Шевченко Братиславадағы турнирдің финалына шықты
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Словакия астанасы Братиславада өтіп жатқан ATP Challenger 100 турнирінің финалына жолдама алды.
Әлемдік ATP рейтингінде 97-орында тұрған қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингтің 215-сатысындағы украиналық Виталий Сачкомен кездесті. Кездесу барысында Шевченко сенімді ойын көрсетіп, қарсыласын екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Осылайша, турнирдің бірінші нөмірлі фавориті атанған қазақстандық теннисші шешуші матчқа шықты. Финалда ол италиялық Федерико Чина мен жапониялық Таро Даниэль арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Финалға шығудың арқасында Александр Шевченко кем дегенде 50 ATP рейтингілік ұпайы мен қомақты сыйақыға ие болды. Егер қазақстандық спортшы турнир чемпионы атанса, оның еншісіне 100 рейтингілік ұпай және 23 750 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде тиеді.
Айта кетейік, Братиславадағы ATP Challenger 100 турнирінің жалпы жүлде қоры 160 680 АҚШ долларын құрайды.
Фото: instagram.com/shevchenkoo_17/
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған