Мәзір
Теннис

Александр Шевченко Аустралиядағы турнирдің 1/4 финалына жолдама алды

Сабина Асқарқызы 54 қаралым
Александр Шевченко Аустралиядағы турнирдің 1/4 финалына жолдама алды

Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін сынға түседі, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандасымыз жекелей сайыстың 1/8 финалында Венгрия өкілі Мартон Фучовичпен кездесті. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 55-орында тұрған қарсыласын 6:3, 7:6 есебімен ұтты.

Енді Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, Франция спортшысы Уго Умбермен кездеседі.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар