457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Недовесов пен Андрей Голубев Уимблдондағы жарысын бірінші айналымда аяқтады

Олардың алғашқы қарсыластары нидерландылық Йеспер де Йонг пен франциялық Валантен Руайе болды.

Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Уимблдондағы «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жұптық сынында бірінші айналым матчында өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz

Олардың алғашқы қарсыластары нидерландылық Йеспер де Йонг пен франциялық Валантен Руайе болды. Кездесу екі сетке созылып, қазақстандық жұптың 3:6, 4:6 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат өткізді. Осы уақыт ішінде Недовесов пен Голубев бір эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және брейк жасауға алған екі мүмкіндіктің біреуін де пайдалана алмады.

Осылайша, Александр Недовесов пен Андрей Голубев Уимблдон-2026 турнирінің жұптық сынындағы жарысын бірінші айналым кезеңінде аяқтады.

Фото: ҚТФ