Ұлттық құраманың көшбасшысы Александр Бублик 2026 жылы мансабындағы тоғызыншы титул үшін жарыс жолына шығады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Гонконгта ATP 250 сериялы турнирдің негізгі кестесінің жеребесі жүргізілді. Турнир 5–11 қаңтар аралығында өтеді. 2025 жылғы табысты маусымнан кейін әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Бублик жарысты бірден екінші кезеңнен (1/8 финалдан) бастайды.
Бубликтің алғашқы қарсыласы – Нидерландтан келген Ботик ван де Зандсхулп. Ол іріктеуден өткен ойыншы жұбының жеңімпазы болады. Рейтингте жетінші орында тұрғанына қарамастан, ол Бублик үшін қиын қарсылас болып саналады.
Гонконг турнирі Australian Open алдындағы негізгі дайындық ретінде мықты құрам жинады. Лоренцо Музетти (8-орын), Андрей Рублев және Карен Хачанов сынды ойыншылар титул үшін күреседі.
Фото: GettyImages